Жақсы мен жаман
Адам атызға бір Гүл әкеп отырғызды. Құнарлы жерге отырғызылған ол күннен-күнге тамыр жайып, гүлдеп өсе берді. Гүл бәрін де сүйетін: мөп-мөлдір суды да, тап-таза ауаны да, күннің нұрын да. Айналаға еркелей, құмарлана қарайтын. Ол осынау тіршілік иесі болғанына, өзін әкеп отырғызған адамға да өте риза еді. Бір күні:
— Әй, сен көп асқақтама! Мен тірі тұрсам, әлі өмірге келгеніңе өкінетін боласың, — деген шіңкілдек дауысқа жалт қараса, дәл төменде түрі ұсқынсыз шөп басын қылтитып тұр екен.
Гүлдің көңілі ортайып, бір түрлі жабырқап қалды. Ештеңе дей алған жоқ. Көздері жасаурап кетті. Бірте-бірте солып, сарғайып бара жатты. Амалсыз жанындағы өзінен біршама үлкендігі...