World News in Kazakh

Доллардың ресми бағамы аталды

Доллардың ресми бағамы аталды

Қазақстанда доллар бағамы 476 теңгеден асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,86 теңгеге көтеріліп, 476,27 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 5 шілдедегі ресми бағамы бір долларға 475,39 теңге.

kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 476,31 теңгеге, сату 478,20 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 472,98 теңгеден сатып алынып, 478,02 теңгеден сатылып жатыр.

Еске салайық, 4 шілдеде KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,69 теңгеге көтеріліп, 475,39 теңге болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net