World News in Kazakh

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті: Тоқаевты Әзербайжан президенті қарсы алды

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті: Тоқаевты Әзербайжан президенті қарсы алды

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті алдында Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қарсы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасы Президентінің Шуша ауданындағы арнаулы өкілдігінің ғимаратына келді.

"Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды. Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті басталады", - делінген хабарламада.

Саммит "Көлік, коммуникация және климаттық өзгерістерді бақылау арқылы баянды болашақ құру" тақырыбында өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net