World News in Kazakh

Қазақстанда доллар бағамы 480 теңгеден асты

Қазақстанда доллар бағамы 480 теңгеден асты

Қазақстанда доллар бағамы 480 теңгеден асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 3,94 теңгеге көтеріліп, 480,77 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 9 шілдедегі ресми бағамы - 476,27 теңге.

kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 480,08 теңгеге, сатылымы 481,92 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 478,02 теңгеден сатып алынып, 483,02 теңгеден сатылып жатыр.

Еске салайық, 5 шілдеде KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,86 теңгеге көтеріліп, 476,27 теңге болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net