World News in Kazakh

Полиция қазақстандықтарға үндеу жасады

Полиция қазақстандықтарға үндеу жасады

Тыныштықты бұзғаны үшін айыппұл 18 460 теңге болады. Бұл туралы полицейлер еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте түнде тыныштықты бұзған адамдарға 2024 жылы 18 460 теңге - 5 АЕК көлемінде айыппұл салынуы керек делінген. Заңбұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл сомасы екі еселенеді.

"Әкімшілік заңнамаға сәйкес, жұмыс күндері сағат 22:00-ден 9:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден 10:00-ге дейін азаматтардың тыныштығын бұзуға болмайды, яғни адамдардың, оның ішінде көршілердің қалыпты демалуына кедергі келтірмеу қажет. Сондай-ақ, тұрғын үйлерде және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық мекемелерінің тыныштықты бұзуы 20 АЕК айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға әкеп соғады. Осыған байланысты, одан кейінгі моральдық және материалдық шығындардың алдын алу үшін тұрғындарды өзара түсіністікке, басқалардың, оның ішінде көршілердің тыныштығын құрметтеуге шақырамыз", - деді Ақтөбе облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Жандарбек Әлібаев.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 2800-ден астам адам полицияға жүгінген. Мұндай заңбұзушылықтар әсіресе жазда болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net