World News in Kazakh

Қайрат Нұртастың ісіне қатысты апелляция: сот не шешті?

Қайрат Нұртастың ісіне қатысты апелляция: сот не шешті?

Астана қалалық сотында Қайрат Нұртасқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс апелляциялық тәртіппен қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен Қайрат Айдарбеков ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған болатын.

"Бірінші сатыдағы сот Қайрат Айдарбековтің ұшақтың ішінде жанжалдасу кезінде азамат Б.-ға қол жұмсап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, төбелес кезінде балағат сөздер айтқанын анықтады. Құқықбұзушының адвокаты қаулымен келіспей, 434-баптың 2-бөлігі бойынша шағымданып, соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұрады", - деп жазылған мәліметте.

Алайда сот мәліметінше, қаулының күшін жою үшін себеп анықталмағандықтан, апелляцияның 9 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың сот актісі өзгеріссіз қалған.

Еске салайық, әнші Алматыдан Астанаға ұшатын ұшақтың бортында жолаушыны соққыға жыққаны белгілі болды. Материалдар қарау үшін сотқа жолданды. Әнші ұсталды. Артынша Қайрат Нұртас сот шешімі бойынша, 15 тәулікке қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net