World News in Kazakh

Алматыда жауын-шашын мөлшері айлық нормадан асып кетті

Алматы соңғы күндері жаңбырлы. Қала әкімдігі мәліметінше, шілденің бірінші онкүндігінде жауын-шашын мөлшері айлық нормадан асып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімдігі мәліметінше, 1-10 шілде аралығында қалада 46,6 миллиметр жауын-шашын түскен, бұл ретте норма - 43 миллиметр. Сейсенбі, 9 шілдеде қалада тек кешкі уақытта 16 миллиметр жаңбыр жауған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net