World News in Kazakh

Ақтөбе - Хромтау - Қарабұтақ тасжолын жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Ақтөбе - Хромтау - Қарабұтақ тасжолын жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ тасжолы учаскелерінде қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстары қашан аяқталады? Tengri Аuto анықтап көрді.

Жүк тасымалдаушылар Ақтөбе – Хромтау – Қарабұтақ жолын Самара – Шымкент бағытындағы ең қиын учаске деп атайды. Бар болғаны 202 шақырымдық учаскені жүріп өту үшін оларға алты сағаттан аса уақыт қажет.

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, учаскеде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

"Қазіргі уақытта жоспарланған 66,1 шақырымның 38 шақырымы орындалды. Бұл жұмыстарға үш бригада, 65 техника және 84 жұмысшы жұмылдырылды. Жұмыстарды шілденің аяғына дейін аяқтау жоспарланған", - деп хабарлады " ҚазАвтоЖол.

Қазіргі уақытта тасжол екі жолақты. Ұлттық компания мәліметінше, келесі жылы тасжолды қайта жөндеу және төрт жолақтыға ауыстыру жұмыстары басталады.

"2025 жылы аталған учаскені бірінші техникалық санатқа ауыстыра отырып, оны қайта жаңарту бойынша жұмыстарды бастау жоспарланған. Қазіргі уақытта халықаралық қаржы институттарымен қажетті қаражатты бөлуге қатысты келіссөздер жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады компания.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net