World News in Kazakh

Астанада ірі даңғылдың бір бөлігі жартылай жабылады

Астанада ірі даңғылдың бір бөлігі жартылай жабылады

Астанада Қабанбай батыр даңғылының учаскесі ішінара жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы "Жұлдыз" айналымынан Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде Қабанбай батыр даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

10-15 шілде аралығында жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша жүзеге асырылатыны айтылды.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлау сұралады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net