World News in Kazakh

СҚО бойынша ҚАЖД бастығы ұсталды

СҚО бойынша ҚАЖД бастығы ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство Солтүстік Қазақстандағы ҚАЖД бастығының ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соталды тергеу аясында СҚО бойынша ҚАЖД бастығы ұсталғанын растайды. Өзге ақпаратты қосымша хабарлаймыз", - делінген Антикор баспасөз қызметінің Tengrinews.kz редакциясы сауалына берген жауабында.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД сайты мәліметінше, 2023 жылғы мамырда аймақтың қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымына Әділет Мұстафинов тағайындалды.

Ол әр жылдары ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде қызмет атқарған, Павлодар облысы бойынша ҚАЖД бастығы қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net