World News in Kazakh

Астанада Мәңгілік Ел мен Сарайшық қиылысы толығымен жабылады

Астанада Мәңгілік Ел мен Сарайшық қиылысы толығымен жабылады

Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы аумақ толығымен жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айырығында оң жақ съездерде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Осыған байланысты 11-25 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады (Мәңгілік Ел даңғылынан Қошқарбаев даңғылына дейінгі оң жақ съездер).

"Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес Ақмешіт және Түркістан көшелерінде жүзеге асырылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net