World News in Kazakh

Алматыдағы Гагарин мен Абай даңғылдары қиылысында солға бұрылуға тыйым салынды

Алматыдағы Гагарин мен Абай даңғылдары қиылысында солға бұрылуға тыйым салынды

Гагарин мен Абай даңғылдары қиылысында көлік қозғалысының схемасы өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Колеса" мәліметіне сілтеме жасап.

Алматыдағы Гагарин мен Абай даңғылдарының қиылысында көлік қозғалысына өзгерістер енгізілді. Енді Гагарин бойымен солтүстік не оңтүстік бағытта жүріп бара жатып Абай даңғылына солға бұрылуға тыйым салынады.

Фото: "Колеса"

Еске салайық, ӘҚБтК-ге сәйкес жол белгілерін немесе таңбалауды бұзғаны үшін 3 АЕК (11 076 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net