World News in Kazakh

Қарағандыда гүл сатып алған ер адам, тергеуге ілікті

Қарағандыда криминалдық полиция қызметкерлері жалған купюралармен тауарға ақша төлеп жүрген ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды ​​ПБ Михайловский полиция бөлімі тергеу-жедел тобының қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 52 жастағы ер адамды ұстады.

"Алаяқ қала саябақтарының бірінде екі дүңгіршекте балмұздақ сатып алған. Бұл ретте барлық жағдайда номиналы 10 мың теңге болатын кәдесый купюраларымен төлеген. Ол гүл шоқтарын сатып алған гүл дүкенінде де осындай қулық жасаған. Залалдың жалпы сомасы 30 мың теңге болған", - делінген хабарламада.

Сауда нүктелерінде орнатылған бейнекамералардың арқасында күдіктінің жеке басы анықталды. Ұсталған адам кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net