World News in Kazakh

Қазгидромет 12 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады

 Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.  Еліміздің көп аймағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен күн күркіреп, жаңбыр жауады. Батыста, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Батыста, солтүстік-батыста, республиканың оңтүстік-шығысындағы тауларда бұршақ жаууы мүмкін. Нөсер жаңбыр күтілуде. Тек республиканың солтүстігі мен шығысында антициклон екпінімен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде […]

Сообщение Қазгидромет 12 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

 Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 

Еліміздің көп аймағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен күн күркіреп, жаңбыр жауады. Батыста, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, екпінді жел соғады.

Батыста, солтүстік-батыста, республиканың оңтүстік-шығысындағы тауларда бұршақ жаууы мүмкін. Нөсер жаңбыр күтілуде.

Тек республиканың солтүстігі мен шығысында антициклон екпінімен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең еліміздің солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Күндіз Алматы, Қызылорда облыстарында, Жетісу облысында қатты ыстық болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, Атырау облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында, Ақтөбенің оңтүстік-шығысында, батыс аймағында, Жамбыл облыстарының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Сондай-ақ Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының батысында, солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Қостанайдың оңтүстігінде, Атырау облыстарының оңтүстік-шығысында да жоғары өрт қаупіне қатысты ескерту жасалды.

Сообщение Қазгидромет 12 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на 123ru.net