World News in Kazakh

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 13, 14 және 15 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы күндері ауа райына оңтүстік циклон ықпал етеді. Соған орай елдің солтүстік-шығыс, шығыс өңірлерін қоспағанда, басқа өңірлерде қысқа мерзімді жауын-шашын жауады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта және солтүстік-батыста, 13 шілдеде республиканың батысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл мен жел күшейеді.

"Оңтүстікте ауа температурасы күндіз +20+35 градусқа дейін төмендейді, қалған өңірлерде өзгерістер күтілмейді", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net