Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
![Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360980/thumb_b/photo_123374.jpeg)
Синоптиктер 13, 14 және 15 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдағы күндері ауа райына оңтүстік циклон ықпал етеді. Соған орай елдің солтүстік-шығыс, шығыс өңірлерін қоспағанда, басқа өңірлерде қысқа мерзімді жауын-шашын жауады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта және солтүстік-батыста, 13 шілдеде республиканың батысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл мен жел күшейеді.
"Оңтүстікте ауа температурасы күндіз +20+35 градусқа дейін төмендейді, қалған өңірлерде өзгерістер күтілмейді", - деп жазылған хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!