World News in Kazakh

ҚМА 20 миллиард теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру деректерін тергеп жатыр

ҚМА 20 миллиард теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру деректерін тергеп жатыр

Қаржылық мониторинг агенттігінде бірінші жартыжылдық жұмысының қорытындысы шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

ҚМА басшысы Дмитрий Малаховтың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде жыл басынан бергі жұмыс қорытындысы бойынша көрсеткіштер айтылды. Бюджет қаражатын жұмсау мониторингі шеңберінде құны 300 миллиард теңгеден асатын 35 мемлекеттік жоба бойынша ЖСҚ-да бағаны негізсіз көтермелеуі анықталды. Агенттіктің бастамасы бойынша, олардың құны 45 миллиард теңгеге төмендетілген.

19,2 миллиард теңгеге бюджет қаражатын ұрлаудың 111 дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде мемлекеттік органдардың бизнес қоғамдастықпен өзара іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған 36 ақпараттық жүйе енгізіліп, жаңғыртылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net