Тоқаев Қазақстанның еуропалық екі елдегі елшілерін тағайындады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Мажарстан мен Албаниядағы елшілерін тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының тағы бір Жарлығы бойынша, Жәнібек Әбдрашов Қазақстан Республикасының Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
"Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Искандер Айсариев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!