World News in Kazakh

Алматы облысында тұрғын суға батып бара жатқан қызды құтқарып қалды

Алматы облысында тұрғын суға батып бара жатқан қызды құтқарып қалды

Алматы облысында 2009 жылы туған жасөспірім қыз каналға батып кете жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылдың 14 шілдесінде Балқаш ауданы, Миялы ауылында жергілікті тұрғын Қадырхан Әбдіхан суға батып бара жатқан қызды көріп, оған көмекке асыққан. Ол жәбірленушіні жағаға шығарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем жасөспірімді орталық облыстық ауруханаға жеткізген.

Куәгерлердің айтуынша, қыз канал арқылы жүзіп өтпек болға.

Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғандарға айыппұл салынатынын еске салды. Жыл басынан бері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің осы бабы бойынша 150-ден астам адам жауапкершілікке тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net