World News in Kazakh

Дәрігерлер күйеуі пышақтап тастаған жүкті әйелдің жағдайы туралы айтты

Дәрігерлер күйеуі пышақтап тастаған жүкті әйелдің жағдайы туралы айтты

Дәрігерлер көпшіліктің көзінше күйеуі пышақтап тастаған жүкті әйелдің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Маңғыстау облыстық көпсалалы аурухана мәліметінше, оның жағдайы тұрақты-ауыр. Бұл ретте дәрігерлер әйелдің жүктілігін сақтап қалған, қазір оның баласына қауіп төніп тұрған жоқ.

"Жағдайы тұрақты ауыр. Жүктілігі бойынша ешқандай қауіп жоқ, жүктілік сақталды. Енді операция жасалмайды. Ол есін жиды, ем алуын жалғастырып жатыр", - деп хабарлады аурухана.

Осыдан бірер күн бұрын қазақстандықтарды тағы бір әйелдің оқиғасы алаңдатып қойды. Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысында ер адам әйелін жұрттың көзінше пышақтап тастағаны түсірілген видео пайда болды.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті шабуыл жасаған адамның ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Читайте на 123ru.net