World News in Kazakh

Алматыда көшелердің бірі екі күнге жабылады

Алматыда көшелердің бірі екі күнге жабылады

Алматыда жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Манас көшесіндегі учаскелердің бірі екі күнге жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

17 шілдеде сағат 09.00-ден 19 шілде сағат 09.00-ге дейін Алмалы ауданындағы көлік қозғалысы Манас көшесімен Шевченко көшесінен Абай даңғылына дейін жабылады.

"Алдағы жылыту маусымына жылумен жабдықтау желілерін дайындау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net