World News in Kazakh

Бірінші сыныпқа баратын балалар үшін мектепалды даярлық бағдарламасы әзірленді

«Балақайлар мектебі» бірінші сынып алдында балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру үшін ұйымдастырылған, деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Ол мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді. Балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының барлық бағыты бойынша мектепке алдын ала дайындауға мүмкіндік береді. Бағдарламаға Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру стандартына сәйкес әзірленді.

«Бағдарламаны табысты іске асыру мақсатында мектептерде балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Бағдарлама бойынша оқыту 1 айға арналған. Сабақтар күн сайын 30 минуттан 10 минуттық үзілістермен өткізіледі. Балаларға білікті бастауыш сынып мұғалімдері немесе мектепалды сынып мұғалімдері сабақ береді», — дейді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.

Айта кету керек, қысқа мерзімді дайындық процесі балалардың мектепке бейімделуін жеңілдетеді, сондай-ақ педагогтердің болашақ оқушыларымен жақынырақ танысуына көмектеседі.

Сообщение Бірінші сыныпқа баратын балалар үшін мектепалды даярлық бағдарламасы әзірленді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на 123ru.net