World News in Kazakh

Тағы бір тазша

Тағы бір тазша ертегісі. Тағы бір тазша туралы ертегі. Өткен заманда бір тазша болыпты. Оның бір сұлу қатыны болыпты. Заманында ханның баласы сол тазшаның қатынына ғашық болып жүр екен, бір күн түнде келіп, қол салыпты. Қатын қойнына алмағанымен тұрмай, тазшаға айтыпты:

Өткен заманда бір тазша болыпты. Оның бір сұлу қатыны болыпты. Заманында ханның баласы сол тазшаның қатынына ғашық болып жүр екен, бір күн түнде келіп, қол салыпты. Қатын қойнына алмағанымен тұрмай, тазшаға айтыпты:

— Ханның баласы маған қол салды, — деп. Тазша айтыпты:

— Олай болса, мен бір жаққа жолаушы болып кетейін де, түнде қайтып келіп аңдып, егер қайтып келе қойса, ұстап, өлтірейін, — деп, түнде аңдаса, ханның баласы үміткер болып және келіпті. Тазша ұстап алып, буындырып өлтіре салып, өлімтігін түнде арқалап, бір байдың үйіне кіріп, қызына қол салыпты. Қыз:

— Кімсің? — деп сұраса, ханның баласы «пәленшемін, қойныңа ал», —...

Читайте на 123ru.net