World News in Kazakh

Қазақстанда несиеге қатысты жаңа шектеулер енгізілмек

Қазақстанда несиеге қатысты жаңа шектеулер енгізілмек

Қазақстан кепілсіз тұтынушылық несиелер мен шағын несиелердің шекті мөлшері шектелуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің "Тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микрокредит сомасына қойылатын талаптарды бекіту туралы" қаулысының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, қазақстандықтар банктерде және МҚҰ-да кепілсіз ресімдей алатын кредиттер сомасын шектеу ұсынылады. Екінші деңгейдегі банктерден кепілсіз кредит сомасын 2200 АЕК (8 122 400 теңге) дейін шектеу ұсынылады. Кепілсіз микрокредит бойынша - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000 АЕК-тен (4 061 200 теңге) аспайды. Жаңа нормалар кепіл салынған несиелерге әсер етпейді.

Қоғамдық талқылау 31 шілдеге дейін жалғасады7

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net