World News in Kazakh

Алпыс сиырлы молда

Алпыс сиырлы молда әңгімесі. Бір молданың алпыс сиыры болыпты. Қасындағы көрші жігіттің бір керемет, тұқымы жақсы бір сиыры болыпты. Молда бұл сиырға өте қызығады да жүреді екен. Молда ойлайды: осы жігіттің сиырын нендей әдіспен түсіріп алсам екен деп, ойлай-ойлай, мынау әдісті табады. Қолына кітабын алып, айғайлап, жігітке естіріп мынау сөзді айтып, зарланып отырады.

Бір молданың алпыс сиыры болыпты. Қасындағы көрші жігіттің бір керемет, тұқымы жақсы бір сиыры болыпты. Молда бұл сиырға өте қызығады да жүреді екен. Молда ойлайды: осы жігіттің сиырын нендей әдіспен түсіріп алсам екен деп, ойлай-ойлай, мынау әдісті табады.

Қолына кітабын алып, айғайлап, жігітке естіріп мынау сөзді айтып, зарланып отырады.

— Егер де бір кім ерсе,

Молдаға бір сиыр берсе,

Алла тағала ол кімсанаға алпыс сиыр нәсіп етер, — деп, бүгін де, ертең де жігітке естіріп соғады да қояды. Жігіт ойлайды: осы молда шын айтатын болар, бұған бұл бір сиырды берейін, Алла маған алпыс сиыр берсе, бір күнде байып кетпеймін бе?...

Читайте на 123ru.net