World News in Kazakh

Жақсылық, Жамандық жолдас болған (І – нұсқа)

Жақсылық, Жамандық жолдас болған ертегісі. Жақсылық, Жамандық жолдас болған туралы ертегі Бұрынғы заманда Жақсылық пен Жамандық жолдас болыпты. Екеуінің де ат, тоны, азығы болыпты. Екеуі Жақсылықтың азығымен жүріпті. Жол жүргенде, Жақсылықтың азығы таусылыпты. Жамандық айтыпты:

Бұрынғы заманда Жақсылық пен Жамандық жолдас болыпты. Екеуінің де ат, тоны, азығы болыпты. Екеуі Жақсылықтың азығымен жүріпті. Жол жүргенде, Жақсылықтың азығы таусылыпты. Жамандық айтыпты:

— Жақсылығым, азығың таусылды, енді қайтесің? — депті.

— Жамандығым, өзің біл! — депті.

— Өзім білсем, атыңды сояйық, — дейді. Жақсылықтың атын сойып, етін екеуі бөліп жепті, азық тағы таусылыпты.

— Жақсылығым, енді қайтесің, атыңның еті таусылды, — деді.

— Жамандығым, әлі де болса, өзіңіз біліңіз, — депті.

— Өзім білсем, Жақсылығым, бір құлағыңды пісіріп, өзіңе берейін, жеймісің?

— Жеймін, Жамандығым, — депті. Бір құлағын кесті, бір күнге азық болды. Жамандық айтты:

— Бір құлағыңды...

Читайте на 123ru.net