World News in Kazakh

Қазақстанда 38 градусқа дейін күн ысиды

Қазақстанда 38 градусқа дейін күн ысиды

Синоптиктер Қазақстанда 20, 21 және 22 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанның көптеген облыстарында атмосфералық қысымның төмендеуі аясында кейде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады және екпінді жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, ал шығыста, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ пен қатты нөсер жаңбыр күтіледі.

"Күндіз ауа температурасы республиканың солтүстігі мен шығысында +20...+28, оңтүстігінде +34...+39, республиканың орталығында +25...+33, оңтүстік-шығыста +30...+38, батысында +33...+38 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net