World News in Kazakh

Астанада тағы екі жол учаскесі жабылады

Астанада тағы екі жол учаскесі жабылады

"Арқар" көпірінен "Марал" көпіріне дейінгі және Мәңгілік Ел мен Сарайшық арасындағы учаскелер 19-30 шілде аралығында жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

"Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ "Арқар" көпірінен "Марал" көпіріне дейінгі жол айрығының оң жақ съезінде және Мәңгілік Ел даңғылынан Сарайшық көшесіне дейінгі сол жақ съезінде жол төсемін жөндеу және гидрооқшаулау қабатын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу туралы хабарлайды.

Осыған байланысты, 19-30 шілдесі аралығында жоғарыда аталған учаскелер толығымен жабылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсінікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net