World News in Kazakh

Бұқабай мергеннің өтірігі

Бұқабай мергеннің өтірігі ертегісі. Бұқабай мергеннің өтірігі туралы ертегі. Лепсі уезіне қарайтын Матайдың аталығы Шоқпар Бұқабай деген кісі де өтірікке келгенде, ешкімге есесін жібермейтін желдіртпе кісі екен. Елді аузына қаратып, сол соғады дейді.

Лепсі уезіне қарайтын Матайдың аталығы Шоқпар Бұқабай деген кісі де өтірікке келгенде, ешкімге есесін жібермейтін желдіртпе кісі екен. Елді аузына қаратып, сол соғады дейді.

— Қаңтар туысымен қарсақ тонымды бастыра киіп, қара шолақ өгізіме мініп, тобылғыдан түлкі түртіп, қасқыр қағып келе жатып, арыстанның алты жұмыртқасын омбы қардан ұрып алдым да, ойдан қашқан отыз түлкіні алты жұмыртқамен жіберіп ұрып, жіберіп ұрып, түлкінің бәрін жау жапырақтай түсіріп, сайды әкеме ас бергендей қан сасыттым.

Шыбық садағым, ши оғыммен құралайды көзге атамын. Сеңгірде селтиіп тұрған кер құланды тартып қалғанымда, оғым атқан құланның оң танауынан кіріп, сол құлағынан шығып, алдыңғы оң аяқтың турасын жұлып, артқы...

Читайте на 123ru.net