Бақсы
Бір күні бір адамның ақшасы жоғалыпты. Табылмағасын не қыларын біле алмай, бал аштыруға бақсыны шақырыпты. Бақсы келіп, төңірегіндегі қоңсыларын жиып алып, былай деп сөз айтады.
— Аяқ киіміңізді шешіп, жалаң аяқ отырыңыздар. Мен жынымды шақырып, ойнаймын, сол уақытта ақшаны кім ұрласа, менің жыным жылан болып келіп, сол кісінің аяғын шағады. Бақсы әрлі-берлі сарнап, жынын шақырып отырып, «Ал, аяғыңды шақты» дегенде бір жігіт секіріп түскен екен. Жұрт жабыла барып, әлгі жігітті ұстап, ұрлығын мойнына қойыпты.
Сезікті секіреді деген осыдан қалған екен.