World News in Kazakh

"Үш бала отырған". Астанада көлік өртеніп кетті

Астанада жеңіл көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт басталған сәтте көлікте үш бала болған, оларды жанында тұрған куәгер алып шығып үлгерген.

ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 13 минут ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

Автомобиль көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net