World News in Kazakh

Шалкөде жайлауының “Шопандар тойы”

Шалкөде жайлауының “Шопандар тойы”

Көк жайлаудың төресі, желмаясына мініп жаһанды кезген Асанқайғының арманындағы жерұйық мекен - Шалкөде жайлауының төрінде қазақтың ұлттық құндылықтары жаңғыртылып, ұзақ жылдар бойы ұлықталмай ұмыт болып бара жатқан шопандар тойы дүркіретіп аталып өтілді.

Көшпенді елдің ұлттық мәдениеті ұлықталып, ұлтымыздың салт-дәстүрі мен өнері, ас мәзірі мен дала спорты дәріптелетін, жалпы ұлттық болмысымыз насихатталды!

Қасиетті Қарадаланы мекен еткен Ұйғыр ауданы ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығына бейімделген аудан. Шарада аудан әкімі Бота Серікқызы төрт түлігін түгендеп, төрт құбыласын теңестірген мал шаруашылығының нағыз майталмандары малшылар қауымының мерекесімен құттықтап, мал бағу мен мал басын көбейтуде озық еңбек етіп, жетістіктерге жеткен бірқатар ауыл малшыларын арнайы марапаттап, маңдай тер мен адал еңбектерін елеп ескерілді.

Қазақ күресінен жауырыны жер иіскемеген палуандар боз кілемде бақ сынасты. Ат құлағында ойнайтын спортшылар теңге ілуден сайысқа түссе, білекті жігіттер ат үстінде аударыспақтан тамаша ойын көрсетті. Қошқар көтеруден де бірқатар жігіттер жарысқа түсті.

Сап түзей тігілген ақшаңқан үйлерде ас беріліп, бір-бірімен арқа-жарқа болысқан ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар, әзілі жарасқан боз бала бойжеткендер нағыз тойдың сәнін кіргізді. Алдағы жылдары ауқымы кеңейетін естен кетпес дүбірлі той болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net