World News in Kazakh

Астанадан шыққан жолаушылары бар автобус Ресейдегі тасжолда өртеніп кетті

Астанадан шыққан жолаушылары бар автобус Ресейдегі тасжолда өртеніп кетті

Қазақстаннан Моңғолияға баратын рейстік автобус Алтай Республикасындағы Шу трактісінде өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алтай Республикасының ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Шу трактісі автожолының 720 шақырымында рейстік автобустың өртенгені туралы хабарлама 20 шілдеде таңғы сағат 06:13-те түсті. Автобус Астана - Баян - Углий (Моңғолия) бағытымен жүрді.

Салонда 50 адам болды, оның ішінде 15 бала, барлығы эвакуацияланды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Сағат 06:14-те өрт орнына Оңғұдай ауылының №8 өрт сөндіру-құтқару бөлімінің өрт сөндірушілері саны 5 адам, 1 бірлік техника шықты. Сағат 07:15-те өрт сөндірілді. Автомобиль жолымен көлік қозғалысы шектелмейді. Ресей ТЖМ күшімен жолаушылар Иня ауылындағы уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net