World News in Kazakh

Үш адам қаза тапты: СҚО-да жол талғамайтын көлік трактормен соқтығысты

Үш адам қаза тапты: СҚО-да жол талғамайтын көлік трактормен соқтығысты

Солтүстік Қазақстан облысы Астана-Петропавл тасжолында жол талғамайтын көлік пен трактордың жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, 21 шілдеде Астана-Петропавл автожолында Қызылжар ауданының Бескөл аудан орталығынан үш шақырым жерде Infiniti FX45 автокөлігінің жүргізушісі ілеспе бағытта келе жатқан Белару тракторының тіркемесімен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасының салдарынан 20 жастағы Infiniti жүргізушісі және оның 37 және 27 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. 1996 жылы туған тағы бір Infiniti жолаушысы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. 35 жастағы трактор жүргізушісі зардап шеккен жоқ", - деді полиция.

Полицейлер үш адамның өмірін қиған апат дерегі бойынша сараптама тағайындау және соталды тергеп-тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарды жинайды.

Еске салайық, бұған дейін Астана-Петропавл тасжолында жүк көлік аударылып, қозғалыс шектелгені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net