World News in Kazakh

Есірткі дайындау кезінде ұсталды: ҰҚК арнайы операция видеосын көрсетті

Түркістан облысында синтетикалық есірткі өндірісі бойынша жасырын зертхана қызметі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 шілдеде ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен Түркістан облысында синтетикалық есірткі өндірісі бойынша жасырын зертхана қызметін тоқтатты. Есірткі құралдарының кезекті партиясын дайындау кезінде 2 жергілікті тұрғын ұсталған.

"60 келіден астам психотроптық зат және 2,5 тонна прекурсорлар, сондай-ақ "синтетика" дайындауға арналған жабдықтар алынды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр (көрсетілген қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған).
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net