World News in Kazakh

ҚР Президенті Лаки Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтады

ҚР Президенті Лаки Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Мәдениет пен эстрада өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Пантелей Константинович Кесоглу І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталсын» деп жазылған Мемлекет басшысы қол қойған Жарлықта.

Лаки (Пантелей) Константинович Кесоглу (1939 жылы 22 шілдеде Грузин КСР-інің Батуми қаласында туған) — кеңестік және қазақстандық эстрада әншісі, музыка педагогы, профессор.

Қазақ КСР-нің Халық артисі (1989). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2014). Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Достық және Құрмет ордендерінің иегері.

Сообщение ҚР Президенті Лаки Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на 123ru.net