Шымкентте экстремистік ұйым анықталды
Шымкентте экстремистік ұйым анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент бойынша департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құрамында 22 тұлғадан тұратын "Хизб-ут-Тахрир" радикал-экстремистік ұйымын анықтады.
"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Рамазан айында "ауызашар" өткізу сылтауымен радикал экстремистік ұйымның жергілікті жақтастарының санын көбейту және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін діни жиындар өткізгені анықталды.
Тінту барысыда Қазақстан Республикасында тыйым салынған 7 діни кітап, діни мазмұндағы 10-нан астам қолжазба және мәтіндік парақшалар, 6 ұялы телефон мен 4 ноутбук тәркіленді", - делінген хабарламада.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 256-бабыны 1-бөлігі және ҚР ҚК-нің 259-бабы 1-бөлігі бойынша тергеп-тексеру амалдары басталды.
"Осыған байланысты Шымкент прокуратурасы елдің конституциялық құрылысын бұзу мақсатында радикал экстремистік ұйымдарға кіруге үгіт-насихат немесе шақыру үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын ескертеді", - делінген хабарламада.
ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!