World News in Kazakh

Спортты дамыту дирекциясы басшысы мен қызметкері қаржы жымқырғаны үшін сотталды

Олимпиада түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының басшысы мен қызметкері бюджет қаражатын жымқырғандары үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Олимпиада түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының басшысы 60 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлағаны және қарамағындағы қызметкерден 4 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

"Спортшыларға арналған спорт залдарын тегін алу мүмкіндігі бола тұра, оларды жалға алу туралы еншілес тұлғалармен мемлекеттік сатып алу шарттары жасалып, оқу-жаттығу жиындарына бөлінген бюджет қаражаты жымқырылған.
Сонымен қатар, басшымен бірге бюджет қаражатын ұрлауға көмектескені үшін дирекция қызметкері де сотталды. Мемлекеттік айыптаушы сотқа барлық дәлелдемелерді ұсына отырып, сотталушылардың кінәсіздігі туралы уәждерін жоққа шығарды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша, әрқайсына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, басшы 5 жылға, ал оның көмектесушісі 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Үкім заңды күшіне енді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net