World News in Kazakh

Полиция қызметкерін аяусыз өлтіру оқиғасы: күйеуінің жазасы қатаңдады

Полиция қызметкерін аяусыз өлтіру оқиғасы: күйеуінің жазасы қатаңдады

Қостанай облысында құқық қорғау органдарында жұмыс істеген әйелін өлтірді деп сотталған бұрынғы полицейдің үкімі өзгертілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биылғы маусымның басында Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының бұрынғы инспекторы "Қасақана адам өлтіру" бабы бойынша (ҚК-ның 99-бабы, 1-бөлігі) 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы полиция аға лейтенанты шенінен айырылды.

23 шілдеде Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы жәбірленуші мен сотталушының адвокатының апелляциялық шағымдарын қарады.

"Сот Т. жұбайымен болған жанжал кезінде оны электр ұзартқышымен қылқындырып өлтіргенін анықтады. Әрі қарай, жасалған қылмысты жасыру үшін ол мәйітті гаражға апарған, онда ол асылып өлгендей жасаған.

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің өлімі мойынның қысылуына байланысты механикалық асфиксия нәтижесінде пайда болған. Сот алқасы бірінші сатыдағы соттың Т-ның жұбайын өлтірудегі кінәсі туралы тұжырымдарымен келісті, бірақ тағайындалған жаза бөлігінде сот үкімін өзгертті", - деп хабарлады Қостанай облысы сотының баспасөз қызметі апелляциялық шағымның қаралуы туралы.

Сотталған адамның жеке басын, оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын ескере отырып, алқа жәбірленушінің шағымын ішінара қанағаттандырып, сот тағайындаған бас бостандығынан айыру жазасының мерзімін 9 жылдан 11 жылға дейін ұзартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net