World News in Kazakh

Телефоныңызды тексеріңіз: ақша ұрлауға қолданылатын қосымшалар аталды

Ұлттық банк қаскөйлер пайдаланатын қосымшалар туралы айтып, ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандықтарды тексерілмеген парақшалар мен күдікті телефон қоңырауларына сенбеуге, жеке деректерін жарияламауға және күмәнді сілтемелерді баспауға шақырады.
Сонымен қатар, үшінші тараптардың нұсқауы бойынша HopToDesk, RustDesk, RUDesktop, AnyDesk, TeamViewer және басқалары сияқты қосымшаларды орнатпау маңызды.

"Қаскөйлер сіздің интернет-банкингтегі жеке кабинетіңізге кіріп, ақшаңызды ұрлауы мүмкін", - деді Ұлттық банк өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net