World News in Kazakh

Қазақстандық файтер анасы қайтыс болған күні рингке шығып, соңында эмоциясына ерік берді

Аралас жекпе-жек файтері Ернат Түгелбеков жекпе-жекке бірнеше сағат қалғанда қайғылы хабар алғанына қарамастан, ресейлік Кирилл Самбросты жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жекпе-жек Алматыда өткен Nomad Fighting Championship турнирі аясында өтті. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Ернат Түгелбеков аудиторияға сөз сөйледі.

"Үш сағат бұрын суық хабар келген. Таңертең... Анашым жаның жәнатта болсын! Шықтым бірақ... Ақша керек болды. Анашым жеті жыл рақпен ауырды. Сізді осы ауруы жазылып Меккеге апарамын ба деген ой болған, Дубайға апарамын ба деп едім", - деп жылап жіберді спортшы.

Айта кетейік, жекпе-жек жоспарланған үш раундқа созылып, судья шешімімен қазақстандықтың пайдасына шешілді.

@anelitime1 Иманды болсын #мам #номад #мма #рек #nomadfighting #rip #foryou #tiktok #fight ♬ Einaudi: Experience - Ludovico Einaudi & Daniel Hope & I Virtuosi Italiani


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net