World News in Kazakh

Астана полициясы "адам өлімімен" аяқталған төбес туралы ақпаратқа пікір білдірді

Астанада жаппай төбелес болып, оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Кейбір ақпарат көздері жанжал барысында "адам өлгенін" атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана полициясы оқиғаға қатысушылардың бірінің өлімі туралы ақапартты жоққа шығарды.

"15 шілдеде Торайғыров көшесіндегі үйдің ауласында тұрғындар арасында жанжал болды. Келген полиция қызметкерлері тұрғындарды іс жүргізу үшін бөлімге жеткізді. Жанжал кезінде зардап шеккендер жоқ екені анықталды. Қатысушылардың бір біріне деген талаптары жоқ", - деді елордалық департамент өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net