World News in Kazakh

Маусымда қай сала мамандарына ең көп жалақы ұсынылған?

Маусымда қай сала мамандарына ең көп жалақы ұсынылған?

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ Маусымда қай сала мамандарына ең көп жалақы ұсынылған? ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.

Маусымда қай сала мамандарына ең көп жалақы ұсынылғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Жұмыс берушілер бас құрылысшыларға 662 мың теңгеден бастап жалақы ұсынған. Одан кейін үңгушілерге (шахтер) орта есеппен 612 мың теңгеден және IT-қосымшаларды жасайтын мамандарға орта есеппен 563 мың теңге ұсынылған. 

Сонымен қатар, ұшқыштар орта есеппен 1 миллион теңге, кеме капитандары 933 мың теңге, коммерциялық кәсіпорындардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары 920 мың теңге сұраған. 

Еңбек министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, маусым айында электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 94 мыңнан астам бос жұмыс орнын, ал ізденушілер 88,9 мың түйіндеме орналастырған. 

Читайте на 123ru.net