World News in Kazakh

Қазақстаннан Қырғызстанға кірмек болған күмәнді микроавтобус тоқтатылды

Қазақстаннан Қырғызстанға кірмек болған күмәнді микроавтобус тоқтатылды

Қазақстаннан Қырғызстанға құжатсыз кетіп бара жатқан күмәнді микроавтобус тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға Ыстықкөл облысының "Қарқара-автожол" бақылау-өткізу пунктінде болған.

"Қырғызстан азаматы қандай да бір ілеспе құжаттарсыз ірі көлемде тауарлық-материалдарды (мотоциклдер, киім және басқа да халық тұтынатын тауарлар) кіргізуге тырысқан", - делінген материалда.

Заңға қайшы әрекетке қатысы бар барлық адамды анықтауға және міндетті салық және басқа да аударымдарды төлемеу түріндегі залал сомасын айқындауға бағытталған тергеу-жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net