World News in Kazakh

Алматыда ер адам тұрғын үй лифтінде балаларды соққыға жыққан

Алматыда ер адам лифтте тұрған балаларды соққыға жыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео "НеМолчи" қорының әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды. Қордың мәліметінше, оқиға 23 шілдеде сағат 16.36-да болған.

"Ол ешкім көрмеуі үшін әдейі шетке қарай ығысып тұрып алған. Видеода ол 10 жастағы балаларды ұрып жатыр. Бізде көршісі жасөспірім баланы ұрып жатқан тағы бір видео бар. Оны жақында жариялаймыз", - делінген жазбада.

Алматы қаласының Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді.

"Бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. Ер адам анықталып, полицияға жеткізілді. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі. Іске қатысты өзге де мән-жай анықталып жатыр", - дейді Полиция департаментінің өкілі Салтанат Әзірбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net