World News in Kazakh

Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

25 шілдеде Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан түнде 2-7, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 30-32 градус жылы.

26 шілдеде көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 26-28 градус жылы.

27 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 26-28 градус жылы.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

25 шілдеде Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 33-35 градус жылы.

26 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 35-37 градус жылы.

27 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 жел соғады. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 36-38 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net