World News in Kazakh

Ақшаны заңсыз шығарып алады: ДСМ зейнетақыны алу ережелері неге өзгергенін түсіндірді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі неге зейнетақы жинақтарын протездеу және тіс имплантаты үшін пайдалануға уақытша тыйым салу жоспарланып отырғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Протездеу және тістерді имплантаттау бойынша қымбат тұратын стоматологиялық қызметтерге қаражатты пайдалануды 2024 жылғы 10 тамыз бен 2025 жылғы 1 ақпан аралығында уақытша тоқтата тұру жоспарланып отыр

Біржолғы зейнетақы төлемдері жөніндегі уәкілетті оператор "Отбасы банк" АҚ ақпараты бойынша БЖЗҚ-дан қаражатты стоматологиялық қызметтерге пайдалану кезінде нысаналы емес шығару жағдайлары тіркелген.

"Банктің мәліметінше, ол жүргізген қызметтік тексерулердің барысында жалған құжаттарды пайдалану және нақты медициналық қызметтерді көрсетпеу деректері анықталды", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Емдеуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № ҚР ДСМ-18 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрықтың жобасын әзірледі.

Осы бұйрықпен протездеу және тістерді имплантаттау бойынша қымбат тұратын стоматологиялық қызметтерге қаражатты пайдалануды - 2024 жылғы 10 тамыздан 2025 жылғы 1 ақпанға дейін - алты ай мерзімге уақытша тоқтата тұру көзделеді.

"Осы уақыттың ішінде біржолғы зейнетақы төлемдері жөніндегі уәкілетті оператор БЖТ қаражатын мақсатсыз пайдалануға жол бермеу және стоматологиялық қызметтер көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде тиісті жұмыс жүргізуге ниетті".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net