World News in Kazakh

Қостанай облысында жер сілкінісі тіркелді

Қостанай облысында жер сілкінісі тіркелді

Қостанай облысында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰЯО ГЗИ Қазақстан деректер орталығының мәліметі бойынша, бүгін, 27 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 09:54-те Рудныйдан оңтүстік-шығысқа қарай 21 шақырым жерде сейсмикалық оқиға болды.

Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 52,81 градус, шығыс бойлық 63,28 градус. Магнитудасы - 3,9. Энергетикалық класс - 9.4.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, магнитудасы 3,9 болатын жер сілкінісінің ошағы Рудныйдан оңтүстік-шығысқа қарай 22 шақырым және Қостанайдан оңтүстік-батысқа қарай 55 шақырым жерде болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net