World News in Kazakh

Ғұсман Қырғызбаев Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Ғұсман Қырғызбаев Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Ғұсман Қырғызбаев Олимпиаданың жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

66 килоға дейінгі салмақтағы қазақ дзюдошысы Ғұсман Қырғызбаев Париждегі Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты. Отандасымыз ширек финалда француз спортшысы Валид Хьярды жеңіп шықты.

Екі спортшы белдесуді ширақ бастады. Валид белсенділік танытты. Ғұсман екі ескерту алды. Белдесу аяқталуға 7 секунда қалған тұста отандасымыз таза иппонмен жеңіске жетті.

Жартылай финалда Ғұсман бразилиялық Виллиан Лимамен белдеседі.

Ғұсман бірінші белдесуінде испан спортшысы Давид Гарсиа Торнені жарыс жолынан шығарды. Одан кейін екі бірдей Олимпиадада жүлде алған Ан Ба Ульдан басым болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net