Қазақстанда АИТВ жұқтырған қанша бала бар?
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда адамның иммун тапшылығы вирусымен (АИТВ) өмір сүріп жатқан қанша бала бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта республикада барлығы 30 984 АИТВ жұқтырған қазақстандық диспансерлік бақылауда.
"Оның ішінде ерлер - 18 740 (60,5 пайыз), әйелдер - 12 244 (39,5 пайыз). Оның ішінде АИТВ-мен өмір сүріп жатқан 298 бала қаралады", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz ресми сұрауына жауап ретінде.
АИТВ жұқтырғандардың көпшілігі Алматы және Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай, Павлодар облыстарында тұрады.
Сондай-ақ, биыл АИТВ жұқтырған адамдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 11,1 миллиард теңге бөлінгені белгілі.
Айта кетейік, жақында Қазақстанға "АИТВ жұқтырғандар" терминінен бас тарту ұсынылды. "АИТВ жұқтырған адам" дегеннің орнына "АИТВ-мен өмір сүріп жатқан адам" деп жазуды ұсынады. Бұл өзгеріс БҰҰ-ның АИТВ мәселелері бойынша құжаттар мен заңнамада терминологияны қолдану жөніндегі ұсынымдарына сәйкес енгізіліп отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!